Ата-аналарға арналған жадынама » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

01
июль
2023

Ата-аналарға арналған жадынама

Ата-аналарға арналған жадынама

«Қалай балаға зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауға болады»


v Балаға егер өзіне төнген қауіптілікті сезсе, кез келген үлкен адамға «ЖОҚ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз.


v Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің әкем емес  (анам емес)», деп қатты айқайлауды үйретіңіз. Бұл жан-жағыңыздағылардың көңілін аударып,  қылмыскерді қорқытады.


v Баланы қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын, егер жоспары ауысса қоңырау шалу керектігін үйретіңіз.


v Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алып кетуге тырысыңыз.
 
Егер басқа біреу алып кететін болса ертерек ескертіңіз.


v Балаға құпия сөз ойластырыңыз. Егер бөтен адам құпия  сөзді білмесе ол адаммен кетпеуі және бөтен көлікке отырмауы керек екенін айтыңыз.


v Балаңызға жалғыз емес достарымен бірге қыдыру керек екендігін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің көңілін өзіне аударады.


v Баланы жылына бір рет суретке түсіріңіз. Келеңсіз жағдайларда сізде жаңа суреті болады.


v Балаларды әлеуметтік желіде «еркін жүзгізбеңіз». Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз.


v Балаға әлеуметтік желідегі қауіптілік жайлы ақпарат беріңіз. Егер бала басқа әлеуметтік желідегі қолданушыдан теріс қылыққа немесе зорлық-зомбылыққа тап болса, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керек екендігін түсіндіріңіз.  


v Бала барлық жағдайды айтып беретін ата-ана болыңыз. 

Бала әрқашан оны жақсы көретініне сенімді болуы керек және егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, оны іздеуді тоқтатпайтыныңызды айтыңыз.